Павлодарлық колледж студенті Франциядағы жарысқа қатысады
Ол ұлттық құрама сапында сән технологиялары бойынша білімін сынайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, Францияның Мец қаласындағы Metz-Arena базасында Abilympics France 10-мерейтойлық халықаралық чемпионатының ашылуы өтті.
Павлодар қызмет көрсету колледжінің түлегі Айжан Татенова мен өндірістік оқыту шебері Зухра Шегевна Кудиярбекова «Сән технологиялары» құзыреттілігі бойынша ұлттық құраманың құрамына кірді.
Зухра Шегевна алдағы конкурсқа сарапшы ретінде қатысады және басқа халықаралық сарапшылармен бірге қатысушылардың жұмысын бағалайды.
- Халықаралық чемпионат ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар арасында кәсіби шеберлігі бойынша өткізіледі. Ұлттық құрама чемпионатта 30 құзырет бойынша жарияланған, - деді басқармада.
Айта кетейік, облыстың 34 колледжінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 190 студент оқиды. Сондай-ақ студенттер сылақшы, әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері, тігінші, шаштараз-стилист, техник-бағдарламашы, ақпараттық жүйелер технигі, желілік және жүйелік әкімшілендіру технигі және т.б. біліктіліктері бойынша дуалды оқыту нысаны бойынша білім алуға мүмкіндік алады. Колледж педагогтары білім беру бағдарламаларын әзірлейді және жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.