Сөздерді көру арқылы оқу: Павлодарда ерекше балаларға арналған әдіс қолданылады

Әлеуметтік қызметкер Баян Гизатуллина өз жұмысында ғаламдық оқу әдісін қолданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, бұл әдіс қамқорлықтағы балаларға көрнекі жадын пайдалана отырып, тұтас сөздерді оқуға мүмкіндік береді. Яғни, бала сөздің қалай жазылғанын көріп, оның визуалды бейнесін есте сақтайды.
Бұл әдіс естімейтін, аутизм спектрі бұзылған және Даун синдромы диагнозы қойылған балаларға қолайлы.
– Ол тек оқуды үйретіп қана қоймай, сөздік қорды толықтыру, ойлау қабілетін жетілдіру, көру жадын жақсарту, коммуникация және қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де тиімді. Осы әдіс бойынша Орталықтың қызмет алушысы – 5 жастағы Амелия да оқиды. Ол өте еңбекқор бала. Бассейнге, емдік дене шынықтыру сабақтарына барып, үлкен қызығушылықпен оқуды меңгеруде. Оқуға деген құлшынысы – оның дамуындағы маңызды жетістік, – деді орталықтың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгінде бұл әдіс орталықта 40 балаға қолданылуда.
Орталық Ак. Шөкин көшесі, 29/1 мекенжайында орналасқан. Қосымша ақпаратты +7(7182)67-09-93, 65-34-82 нөмірлері арқылы алуға болады.