ҰҚК мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесті
ҰҚК мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесу туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне слтеме жасап.
2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті "А" арнаулы мақсаттағы қызметімен сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін заңсыз шетелге, оның ішінде теңіз арқылы шығару арнасының жолын кесті.
Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.