Қазақстанда экономикалық өсімге не әсер етеді?
                                    Соңғы жылдары еліміз белсендірек бола түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Tengenomika сараптамалық арнаның мәліметінше, Қазақстанда 2025 жылдың жеті айындағы ЖІӨ өсімі 6,3% болды — бұл сенімді көрсеткіш. Алайда макроэкономикалық сандардың маңызы олардың адамдардың өміріне қаншалықты әсер ететінімен өлшенеді.
Ішкі туризм шамамен 40%-ға өсіп, 6,6 миллионнан 10,5 миллион адамға жетті, ал шетелге шығу сапарлары үш есеге көбейіп, 1,19 миллионға жетті.
Тасымал көлемдері де артып келеді: әуе тасымалы — 14,4 миллион жолаушыға дейін, таксиге деген сұраныс 35%-ға артты.
Адамдар таксиді жиі қолдана бастады: 2018 жылы 54,3 млн адам тасымалданса, 2024 жылы 73,3 млн адамға жетті. Бұл — 35% өсім.
Мүлік иелерінің саны 2020 жылғы 3 854 000-нан 2024 жылы 4 983 200-ге дейін көбейді. Яғни бес жылда 1 129 000 адам пәтер сатып алған.
Бұл адамдардың жиі саяхаттап, табыстарын еркін пайдалану мүмкіндігі артқанын білдіреді.
Күнделікті әдеттер де өзгеріп келеді. Қазақастандықтар сапалырақ тамақтана бастады — ет пен жеміс-жидекке сұраныс өсіп отыр. Әлеуметтік осал топтарға арналған азық-түлік себеті 20 атаудан 43 атауға дейін кеңейтілді — бұл уязвимділікті азайту және азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бағытындағы қадам.
Қалалық орта да өзгеруде: газдандыру, жарықтандыру, аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл, әсіресе, мұндай жақсартулар ұзақ уақыт кейінге шегеріліп келген өңірлерде айқын сезіледі. Бұл жай ғана инфрақұрылым емес — жаңа өмір сапасының іргетасы.
ЖІӨ өсімі — маңызды көрсеткіш, бірақ бүгінде басты назар сандық емес, сапалық өсімге аударылуы керек: яғни ол отбасылардың әл-ауқатында, қызмет сапасында, білім алу мен кәсіпкерлік мүмкіндіктерінде және инфрақұрылымға қолжетімділікте көрінуі тиіс. Экономика жай ғана үлкен емес, адамға — оның күнделікті қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне — жақын болуы қажет.
Экономикалық өсім күнделікті өмірде көлік, инфрақұрылым және тұтыну арқылы айқынырақ сезілуде. Бірақ сапалы өсім — бұл тек сандар емес, тұрақты жұмыс, білім және негізгі қызметтерге қолжетімділік жағдайлары. Нәтижелер әзірге барлық жерде бірдей байқалмайды, сондықтан саясаттың басым бағыты «өсім үшін өсімнен» халықтың өмір сапасын жақсартуға ауысуы тиіс.