Қазақстан мүгедек жолаушыларға арналған 35 вагон сатып алады
Ел пойыздарында тек 80 вагон ғана мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындықтармен жабдықталған. Қазақстан 2025-2029 жылдары Stadler компаниясынан 537 вагон сатып алуды жоспарлап отырса, олардың 35-і мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделеді. Бұл туралы «Қазақстан теміржолшысы» басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес хабарлады.
2025-2029 жылдардың әрбірінде елге 6 арнайы вагоннан әкелінетін болса, 2030 жылы соңғы 5 вагон жеткізілуі тиіс. Мұндай вагондар көтергіш механизммен жабдықталады.
Басылымның дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанда 37 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындықтары бар 80 вагон бар. Оның ішінде "Тальго" пойыздарында – 20, стандартты пойыздарда – 60 вагон. Олардың 28-і көтеру механизмімен жабдықтаса, 52 вагонда мұндай құрылғы жоқ.