Электр самокат тепкен оқушылар үшін ата-аналары жауап береді
Алматыда электр самокаттарды жалға беретін компаниялардың өкілдері мектептердегі ата-аналар жиналыстарына қатысты. Олар ата-аналарға электрсамокаттарды пайдалану ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кикшеринг компанияларының мәліметіне сәйкес, электр самокатты жалға алуға18 жасқа дейін шектеу қойылғанымен, оқушылардың жалдамалы самокатпен жүргендерін жиі көруге болады.
«Кикшеринг қосымшасында тіркелу үшін банк карталарының деректері қажет, ал балалардың карталары автоматты түрде қабылданбайды. Сондықтан, балалар ата-аналарының немесе туыстарының банк карталарын пайдаланады, сөйтіп, электр скутерлерін жалға алуға қолжеткізеді»,- деп хабалады Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасынан.
Компания өкілдері, кәмелетке толмаған тұлғалар мінген электрсамокат жол-көлік апатына ұшыраса, онда заң бойынша ата-ана жауапқа тартылатынын атап өтті.
«Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға қосымшаларда тіркелу үшін банк карталарының деректерін беру және кәмелетке толмаған балалардың электр скутерлерде жүруіне жол берілмеуі тиіс»,- деп ескерті басқармадан.
Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов электр самокатпен жолда жүру тәртібіне қатысты түсінік берген болатын.