26 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр жаумайды

26 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр жаумайды

Күндіз +33 °C ыстық күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 26 шілде күні облыста жауын-шашынсыз ауа райы болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады. Күндіз сынап бағанасы +28...+33 °C көрсетеді.

Павлодарда көшпелі бұлтты ауа райы болжамдануда. Күндіз +28...+30 °C болады, ал желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін соғатын болады.