Ақтоғай ауданы ауылдарының бірінде спорт залы ашылды

Ақтоғай ауданы ауылдарының бірінде спорт залы ашылды

Құрылыс жұмысы белгіленген мерзімнен бір ай бұрын аяқталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Республика күнін мерекелеу қарсаңында Ақтоғай ауданы Шұға ауылындағы Х.Шаяхметов атындағы негізгі мектепте спорт залы ашылды.

Ақтоғай ауданы әкімінің м.а. Ермек Машриков оқушылар мен ауыл тұрғындарын атаулы күнмен құттықтады.

- Енді мектеп оқушыларында спортпен шұғылдану үшін одан да көп мүмкіндіктер бар. Яғни жаңа жеңістер мен жетістіктер пайда болады. Бұдан былай мектептегі барлық жарыстар осында өтеді. Кім біледі, мүмкін оқушылардың бірі белгілі спортшы болатын шығар, - деді Ермек Машриков.

Спорт залының құрылысына 40,8 миллион теңге жұмсалды. Кешеннің іргетасы 29 мамырда басталған.

Айта кетелік, 1 қабатты спорт залдың аумағы 215 м/кв.

Фото: Ақтоғай ауданы әкімдігінен