Ертіс ауданында балаларды смартфоннан алыстату жолын тапты

Ертіс ауданында балаларды смартфоннан алыстату жолын тапты

Балаларға түрлі ойындар ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ертіс аудандық кітапханасында балалар үшін мәдени-спорттық іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды. Аудан орталығындағы стадионды үлкен балалар алаңына айналдырып, «Kids time» іс-шарасын ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар балаларға мерекелік көңіл-күй, оқырманға демалыс сыйлап, шығармашылық қабілеттерін дамытып, дүниетанымдарын кеңейтуді мақсат тұтқан. 

Ол үшін 8 ойын алаңын жасаған. Тұрғындар спорттық эстафеталарға, кегель ойынына қатысты. Қонақтар тикток билерін билеп, тапсырмаларды орындады. 

 - Мұндай шаралар балаларға пайдалы. Олар өз қиялдарын айтып үйренеді. Өз қабілеттерін көрсетуге тырысады. Бұл балалардың назарын смартфоннан басқа жаққа бұрудың тиімді жолы. Олар өз қатарластарымен сөйлесіп, әңгімелесіп қалады, - деді Ертіс тұрғыны Мақпал Мусина.

«Kids time» шарасы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Қатысушылар саны да артуда. Мерекелік шара соңында барлық балаларға тәтті сыйлықтар табысталды. 

Фото: Ертіс аудандық кітапханасы