16 мамырда Павлодар облысында тұман болады
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с құрайды.
Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.
Павлодар қаласында күндіз көшпелі бұлт шығады. Жауын-шашын күтілмейді.
Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 20-22 градус ыстық болады.