5 қыркүйекте Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады

5 қыркүйекте Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыстың солтүстігінде 15-20 метрге дейін жетеді. 

Облыс бойынша түнде температура +6...+11°C, күндіз + 11...+16°C көрсетеді. Өңірдің оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. 

Павлодарда сынап бағанасы түнде +8...+ 10°C, күндіз + 13...+15°C көрсетеді. Күн бұлттанып, жаңбыр жауады.