Павлодарлық колонияда күйзеліске түскен Қытай азаматына аудармашы көмектесті

Павлодарлық колонияда күйзеліске түскен Қытай азаматына аудармашы көмектесті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адам үш айдан астам темір тордың артында жазасын өтеуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ең төменгі режимдегі колония – №44 мекемеге жіберілген Қытай азаматы екі жылға бас бостандығынан айырылған.

– Сотталушы туыстарымен байланыстың жоқтығынан күйзеліске ұшырады. Оның тілді білмеуі колониядағы жағдайын қиындатты. Мекеме қызметкерлері сотталғандарға қолайлы жағдай жасау үшін өз жұмыстарына аудармашыларды тартады, – дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы Марат Галиев.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында сотталған Қытай азаматының жазасының өтелмеген бөлігін жеңілдетілген түрге, яғни айыппұлға ауыстыру туралы сотқа өтініш беруге болатын кез келген. Сотталғанға аудармашының қатысуымен психологиялық көмек көрсетілгеннен кейін оның жағдайы жақсарған, сондай-ақ сотқа жүгіну мүмкіндігінің тәртібі мен мерзімдері түсіндірілген. Сотталушы Қазақстан Республикасы Заңнамасының бұл нормасын пайдаланып, сот шешімін күтіп отыр.

– Осындай қиын жағдайда адамдарға қолдау көрсету маңызды, сондықтан біз Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға материалдарды сотқа жолдау үшін толық құқықтық және ақпараттық көмек көрсетеміз, –  дейді мекеме бастығының орынбасары Нұрлан Айтанұлы.

Ведомствода көші-қон полициясымен бірлесе отырып, шетел азаматтарымен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік органдар сотталғандарды әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу және одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында ЖСН беру үшін құжаттарды жинайды.

Ер адам Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі – «абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет»  бойынша сотталған. 

Айта кетерлігі, Павлодар колониясында 26 шетелдік азамат жазасын өтеп жатыр.