Павлодарда жылу желілеріндегі ірі ақаулар аталды
Олардың бірін тамыз айының соңына дейін жою жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәшһүр Жүсіп – Торайғыров көшелерінің қиылысында гидравликалық сынақтар кезінде магистральдік құбырдың зақымдануы анықталды.
– Ақау жойылып, үйлерге ыстық су болжамды түрде 29 тамызда беріледі. Яков Геринг пен Павлов көшелерінің қиылысында ТМ-9 магистральдік құбырының зақымдануы анықталды. Ауыстырылатын құбырдың диаметрі 219 миллиметрді құрайды. Жоюдың болжамды уақыты – 24 тамыз, – деді кәсіпорында.
Солтүстік желілік аймақ бойынша тұтынушыларды қосу кестесі «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Instagram-дағы ресми аккаунтында және телеграм-каналында орналастырылған.