7 қазанда Павлодар облысында түнде қар жауады

7 қазанда Павлодар облысында түнде қар жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -1...-6°C болады. Оңтүстікте +2°C-қа дейін жетеді. Түнде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +5...+10°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Павлодарда түнде ауа температурасы -1...-3°C болады. Аспанды бұлт торлап, қар жауады. Жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі.

Күндіз ауа температурасы +5...+7°C болады. Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады.