Павлодар облысының белгілі әдебиетші-педагогы дүниеден озды

Павлодар облысының белгілі әдебиетші-педагогы дүниеден озды

Бар ғұмырын балаларға әдебиетті оқытуға арнаған ол 92 жаста еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Зекебай Солтанбаев 1931 жылы 15 наурызда Баянауыл ауданының Басшілік ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарына тұспа-тұс келген ол тылда еңбек етті. Соғыс аяқталғанда білімге құштар Зекебай Солтанбаев Баянауыл орта мектебін тәмамдап, Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түседі. 

Еңбек жолын Омбы облысы Есілкөл ауданындағы Қасқат ауылдық мектебінде мұғалім болып бастайды. Кейін жұмысын туған жері Баянауыл ауданында жалғастырады. Зекебай Солтанбаев педагогика жолында КСРО және Қазақ КСР білім беру үздігі атанып, Ыбырай Алтынсарин атындағы медалін иемденді. Баянауыл ауданының Құрметті азаматы.

Әдебиетші ретінде «Жыр жиһазы», «Мәшһүр», «Жүсіп», «Көпеев», «Адам», «Айшуақ» және басқа да кітаптардың авторы болды.