8 қаңтарда Павлодар облысында боран соғып, көктайғақ болады

8 қаңтарда Павлодар облысында боран соғып, көктайғақ болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз облыстың басым бөлігінде 20-ға дейін, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде секундына 28 метрге дейін жетеді.

Облыс бойынша түнде температура -1...-6, солтүстікте -10°C, күндіз -2...+3°C көрсетеді. Көктайғақ, боран болады.

Павлодарда түнде -4...-6, күндіз 0...+2 °C көрсетеді. Бұлтты, жауын-шашынды ауа райы күтіледі, көктайғақ, боран болады.