Майқайың кенішінде автобус табылды

Майқайың кенішінде автобус табылды

Жер астындағы метал геосканер арқылы табылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Іздеудің төртінші күні құтқарушылар Майқайың кенішінде болжам бойынша құлауы мүмкін автобустың орнын анықтады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жер астындағы металл затты түбінен бес метр тереңдікте геосканер байқаған. Аумақты «Алтыналмас АК» АҚ мамандары тексерді. Бригаданы «Богатырь Көмір» компаниясының автокраны төмен түсірді. Құтқарушылардың болжамы бойынша, табылған метал тереңдікке құлаған автобус болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, көлік жұмыс істемейтін «Майқайың-алтын» шахтасының маңында жер астына түсіп кеткен. Автобуста төрт адам болды, олардың екеуі 4 қаңтарда түстен кейін табылды. Іздеу жұмыстарына 134 адам, 37 машина, үш кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылды.

Суреттерді куәгерлер ұсынды