Аққулы ауылының маңында УАЗ көлігі шөп тиелген тіркемеге соғылды
Бір жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 қараша күні «Омбы – Майқапшағай» автожолының Аққулы ауылынан 10 шақырым қашықтықта УАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі МТЗ-80 тракторының тіркемесімен соқтығысқан. Салдарынан жолаушы қаза тапты. Полиция жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады
– Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.
Департамент осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде сақ болуға, көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылауға және ауа райының өзгерістерін ескеруге шақырады.