Баянауылда аттан құлаған шабандоз комаға түсті

Баянауылда аттан құлаған шабандоз комаға түсті
Фото: Константин Шелков

Ол Мәшһүр Жүсіптің мерейтойына орай ұйымдастырылған көкпар барысында құлаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11 тамыз күні Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойда өткен көкпар ойыны барысында шабандоз аттан құлап, жарақат алған. Алғашқы медициналық көмекті жедел жәрдем қызметкерлері көрсеткен. 

Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты жедел түрде Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізген. Пациент жарақаттың ауырлығына қарай реанимацияға жатқызылды. 

– Бүгінгі таңда науқастың жағдайы өте ауыр, комаға түскен, жасанды тыныс алу аппаратында жатыр, – дейді басқармада. 

Айта кету керек, комаға түскен шабандоз Павлодар ауданының көкпар құрамасынада ойнайтыны белгілі болды.