Ақсулықтар сусыз қалмайды

Ақсулықтар сусыз қалмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалада сумен жабдықтау тек бір қуат көзіне ғана байланысты болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсуда өткен жылы 30 желтоқсанда, яғни жаңа жылға бір күн қалғанда қыстың ызғарлы күнінде жылусыз қала жаздаған. Бұл ретте, Ақсу қаласында негізгі тазарту құрылыстарында және ең бастысы қаланы ауызсумен қамтамасыз ететін сорғы станциясында электр қуатымен резервтік қоректендіру жоқ екендігі анықталды.

– Өткен жылы қалада сумен жабдықтау жүйесінде екі рет ақау шықты. Бұл бір қуат көзі өшірілген кезде сорғылар қайта іске қосуды қажет ететіндігіне байланысты болды. Павлодарда да осыған ұқсас жағдай болды. Сондықтан өткен жазда осындай екі жағдайдан кейін мен Ақсуға келіп, резервтік электр беру желісін немесе сорғы станциясы үшін резервтік қуат салу бойынша объектілік сипаттағы төтенше режимін режимін қабылдадық, – деді облыс әкімі Асайын Байханов. 

Бұл мақсатта облыс резервінен ТЖ алдын алуға екінші резервтік тармақты салу үшін 256 млн теңге бөлінді. Бір апта бұрын аппараттық кеңесте облыс басшысы қала әкімдігіне энергетика басқармасымен бірлесіп, барлық төселген электр қуатын сорғы станциясының өзін ажыратпай-ақ қосу міндетін қойды. Дегенмен, бұл іс жүзінде техникалық тұрғыдан қиын. Себебі, қосылымды трансформаторды қосу арқылы жасау керек, бірақ олардың алдында оны зерттеу міндеті тұр. 

– Резервтік желіні қосып, оның жұмысын тексергеннен кейін кез келген ажырату кезінде екінші резервтік желі автоматты түрде қосылуы керек. Неліктен Ақсуда қаланы сумен қамтамасыз ететін сорғы станциясының бір қуат көзі ғана болғаны түсініксіз, бірақ инфрақұрылымдық мәселелердің бірі іс жүзінде шешілді, – деді Асайын Байханов.

Ақсу қаласының су тазарту цехын электрмен жабдықтау желісін қайта жаңарту жұмыстары мәреге жетіп қалды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 19 қарашасында жүзеге асырыла бастады. Қыс мезгіліне байланысты кейбір қосылу сәттері кейінге қалды. 

Аймақ басшысы бүкіл қаланың тұрғындары су алып отырған  сорғыш станция өте маңызды жоба екенін айтып, барлық жұмыстарды толығымен аяқтауды тапсырды.