Павлодарда шығыстық стильдегі бас киімдер жасауды үйретеді

Павлодарда шығыстық стильдегі  бас киімдер жасауды үйретеді
Фото: pixabay.com/irinashutko

Қажетті материалдарды қатысушылар өздері дайындайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Жастар бастамаларын дамыту орталығында Зухра Ибрагимова шығыстық стильдегі тоқыма бойынша авторлық курс ұсынады. 

–  Өз образыңызға сәнді элементті өз қолыңызбен жасаңыз! Шеберлік сағатында этникалық нақыш пен заманауи трендтерден шабыт алып, бас киім ретінде киілетін нәзік тоқыма тор аксессуарын жасауды үйренесіз, – дейді ұйымдастырушылар. 

Бұл аксессуар стильді образдар үшін, фотосессияларға және қайталанбас қолөнер сыйлығы ретінде тамаша таңдау болады.

Шығармашылық атмосферада өзіңіздің бірегей бұйымыңызды жасау үшін +7 (771) 130 3273 WhatsApp нөміріне жазуға болады.