Асайын Байханов павлодарлықтарды Отбасы күнімен құттықтады
Әкім әрбір отбасына денсаулық пен береке тіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының әкімі өз құттықтауында «Отан отбасынан басталады» деген қазақтың халық ұғымын еске алды.
- Ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтімізден бастап, отбасыда ер жетіп, ата-анамыздан асыл құндылықтар мен дәстүрлерді бойымызға сіңіреміз.
Жанымызға қуат, өнеге беретін жақындарымыздың аялы алтын құшағын ештеңе де алмастыра алмайды.
Ертеңгі күнге деген сенім мен күш-қуат беретін де – қанат қағар ұямыз, киелі отбасымыз, – деп жазды әкім Instagram желісінде.
Сондай-ақ, аймақ басшысы отбасылардың әр күні қуанышқа толы болсын деген тілегін жеткізді.