Павлодарлық шенеуніктер кәсіпкерлердің алдында есеп береді

«Атамекен» Павлодар кәсіпкерлер палатасы өңірдің бизнес-қоғамдастығын жергілікті атқарушы органдардың бірыңғай есеп беру күніне шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Іс-шара Луговая көшесі 16, «Инвестор үйі» мекенжайында 25 қыркүйекте сағат 11:00-де өткізіледі.
– Қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша бірыңғай есеп беру күні ұйымдастырылады, – делінген хабарламада.
Біріңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылушылықтары профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі. Кездесуге қатысу үшін 32-33-82 телефоны бойынша тіркеуден өту қажет.