Павлодарда жолдың бір бөлігі жабылады

Павлодарда жолдың бір бөлігі жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Автобус маршруттарының қозғалысы өзгереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 29 сәуір күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының батыс жағындағы Торайғыров көшесінен Лермонтов көшесіне дейінгі «қалта» жолы жабылады.

Осыған байланысты, қалалық автобус маршруттарының қозғалысы аталған «қалтаға» кірмей, Н. Назарбаев даңғылының негізгі жолымен жүзеге асырылатын болады. Негізгі жол бойында көлік қозғалысы штаттық режимде жалғасады.

Ведомство келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұрғындардан өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды өтінеді.