Асайын Байханов: Ұлық мейрам - адамзатты мейірім мен ізгілікке үндейді

Асайын Байханов: Ұлық мейрам - адамзатты мейірім мен ізгілікке үндейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі павлодарлықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Барша мұсылманды қадірі мен қасиеті айрықша Құрбан айт мерекесімен құттықтап, атаулы күннің маңызына тоқталып өтті.

Ұлық мейрам - адамзатты мейірім мен ізгілікке үндейтін, бауырмалдық пен жанашырлықты дәріптейтін ерекше күн. Осындай берекелі сәттерде халқымыздың дархан көңілі, үлкенге құрметі, кішіге ізеті, мұқтажға қамқорлығы айқын көрініс табады. Туған өлкеміздің өсіп-өркендеуіне адал еңбегімен үлес қосып жүрген, ел бірлігі мен татулығын нығайту жолында аянбай қызмет етіп жүрген барша жерлестерімізге зор ризашылығымды білдіремін. Айналасына жылу сыйлап, өзгенің қуанышын бірге бөлісіп, қайғысына ортақтаса білетін азаматтарымыз - қоғамымыздың шынайы тірегі, — деді аймақ басшысы.

Асайын Байханов тұрғыдарға Қасиетті айт күндерінде жасаған барша дұға-тілектерінің қабыл болуын тіледі. 

—    Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс-несібе, денсаулық пен шаттық тілеймін. Құрбан айт мерекесі әр отбасыға тыныштық, жүректерге нұр, көңілдерге қуаныш сыйласын. Құрбан айт қабыл болсын, — деп түйіндеді құттықтауын.