16 тамызда Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Облыстың бірқатар бөлігінде қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше түнде өңірдің шығысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды.
Батыс бөлігінен жел соғып, өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.