Ақсу ЕЭК энергетиктері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 1 000 тонна көмір таратады
Ақсу электр станциясының әкімшілігі дәстүрлі күзгі қайырымдылық науқанын бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ЕЭК энергетиктері Ақсу ауданының әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына 1 000 тонна көмірді ақысыз таратады.
– Қайырымдылық кәсіпорын жұмысының маңызды бір бөлігі болып табылады. Аталған іс-шарамен шектелмей, көпбалалы отбасылардың және егде ақсулықтардың жеке өтініштерін жерде қалдырмай, «Мектепке жол», «Жақсылық дорбасы» секілді науқандарға жыл бойы қатысамыз. Қажет болса, жергілікті қауымдастықтарға техника ұсынып, басқа да түрлі қолдау көрсетеміз, – дейді «ЕЭК» АҚ персонал және мәдениет жөніндегі директоры Нұрлан Тасимов.
Қайырымдылыққа бағытталған көмірдің құны – 5 млн теңгеден астам. Көмірді энергетиктер «Шығыс» кенішінен темір жолмен алып келіп, Ақсу электр станциясының қоймасында сақтайды. Белгіленген көмір мөлшерін тұрғындар өздері тасып алады. Бұған 90 күнге дейін уақыт берілген.
Кәсіпорын қайырымдылық науқанын Ақсу қаласының жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп атқарды.
Бұдан бөлек, ЕЭК энергетиктері ұжымдық келісімшартына сәйкес жер үйде тұратын ардагерлеріне 3 текше ағаш пен 8 тонна көмір жеткізіп береді.
Ал жас энергетиктер болса, кәсіпорнының қайырымдылық тұжырымдамасын қолдап, жергілікті қарттар үйінің тұрғындарына арнайы іс-шаралар ұйымдастырады. Мәселен, Республика күні қарсаңында жас энергетиктер сабын жасаудан шеберлік сабағын өткізді. Ал «Қамқорлық» айлығының басында Ж. Мұса атындағы колледж студенттерімен бірлесе отырып, қарттарға арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.
Елена Гаркава
Жарнамалық материал