Павлодарлықтар қандай жағдайда жалға алынған үйден шығарылуы мүмкін?

Павлодарлықтар қандай жағдайда жалға алынған үйден шығарылуы мүмкін?
Фото: pexels.com

Заңға сәйкес әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйде тұратын азаматтар жалдау ақысын төлеуге міндетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің мәліметінше, жалдау ақысы екінші деңгейдегі банктерде негізгі жалдаушының ЖСН міндетті түрде көрсете отырып, КБК 201509 кодына, сондай-ақ банктің мобильді қосымшасы арқылы төлеу арқылы жүргізіледі. Ол үшін «Төлемдер» бөлімінен «Бюджетке салынатын айыппұлдар мен салықтар» бөліміне, бұдан әрі «Салықтар» бөліміне өтіп, «Жеке тұлғалар үшін деректемелер бойынша салық» бөлімінде «Төлем түрін (201 509)» көрсету керек. Содан кейін Павлодар қаласының МКБ жалға берілетін тұрғын үйді таңдап, негізгі жалдаушының ЖСН, аты-жөнін, уақыт мерзімін көрсету қажет. 

Жалдау шартына сәйкес, алты айдан астам жалдау ақысы дәлелді себепсіз төленбеген жағдайда жалға беруші жалға алушымен жалдау шартын бұзуға құқылы және басқа тұрғын үй берілмейді.

Жалдау ақысын төлеуге қатысты туындаған мәселелер бойынша Кривенко көшесі, 25, 214 кабинет мекенжайы немесе 61-60-81 телефоны арқылы кеңес алуға болады.