Ақсу қаласында Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтеді

Ақсу қаласында Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтеді

Қабылдау 26 сәуірге жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аймақ басшысы Асайын Байханов пен мемлекеттік органдардың басшылары «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ және «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлерін жеке қабылдайды.

- Кәсіпорын қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, кеңес алады. Сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналастыру және білім беру қызметтері, кәсіпкерлік қызмет және т. б. салаларда ұсыныстар немесе ескертулер енгізе алады, - делінген хабарламада.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ қызметкерлерін қабылдау Ақсу қаласы, Промышленная көшесі, 60 мекенжайы бойынша ЕЭК кәсіпорнының аумағында сағат 15-00-ден 16-30-ға дейін өтеді.

«Қазхром» ТҰК АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлерін қабылдау Ақсу қаласы, Промышленная көшесі, 40 мекенжайы бойынша «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты» кәсіпорнының аумағында сағат 17-00-ден 18-30-ға дейін өтеді.