«Ертіс орманында» сирек кездесетін улы өсімдік табылды

«Ертіс орманында» сирек кездесетін улы өсімдік табылды
Фото: «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты

Бұрын бұл өсімдікті халық медицинасында қолданған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Белозор батпағы өсімдігі биылғы түгендеу барысында анықталды.

Белозор батпағы – биіктігі қырық сантиметрге дейін жететін, қысқа тамырсабақты көпжылдық өсімдік. Өсімдік улы, бірақ халықтық медицинада кеңінен қолданылған. Заманауи ғылыми медицинада сирек кездеседі, – деді табиғи резерватта.

Мамандардың айтуынша, белозор жақсы ылғалданған топырақты жақсы көреді.