Ақсуға Даниядан асыл тұқымды малдың екінші партиясы әкелінді
Жыл соңына дейін 622 бас өсіру жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, «Кронос-Павлодар» ЖШС «Қуаттылығы 1893 бас тауарлы сүт фермасын салу» инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде Даниядан 306 бас голштино-фриз тұқымды сүтті бағыттағы асыл тұқымды импорттық жоғары өнімді аналық ірі қара мал басының екінші партиясын жеткізген. Осылайша, кәсіпорын жыл басынан бері 578 бас әкеліп, 622 бас өсіруді жоспарлап отыр.
Agrohub деректері бойынша «Кронос-Павлодар» ЖШС шаруа қожалығында жалпы ауданы 5643,48 гектарды құрайтын 16 егістік тіркелген.