Павлодар облысында автогаз талонмен берілуде
Өңірде газбен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда аймақта сұйытылған мұнай газының қоры бар. Автогаз құю станциялары штаттық режимде жұмыс істейді, алайда облыстың кейбір жанармай құю станциялары газды талондар арқылы жібере бастаған.
– «ПМХЗ» ЖШС жоспарлы жөндеуге тоқтауға байланысты газ жеткізуде үзілістер байқалады. Жөндеу жұмыстары 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жоспарланған. Павлодар облысына бөлінген көлемді газ желісі ұйымдары «Ақтөбемұнайгаз» СНПС» АҚ-дан алады. Автомобиль газының қысқа мерзімді тапшылығы «АМӨЗ» ЖШС-де болған апатқа байланысты болып отыр, – деді басқармада.
Бүгінгі таңда облысқа «Ақтөбемұнайгаз СНПС» АҚ-ден 4 вагон – 146 тонна жеткізілді. Бүгіннен бастап автогаз құю станциялары бойынша жөнелту басталады.
Жолда келе жатқан тағы 9 вагон немесе 324 тонна осы аптада тұйықтарға жеткізіледі.