Павлодарлық картоп жарты жыл шетелге шығарылмайды

Павлодарлық картоп жарты жыл шетелге шығарылмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Экспортқа қатысты шектеудің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге қатысы жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен алты ай мерзімге жаңа піскен немесе салқындатылған картопты әкетуге тыйым салынды.

Өнім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ғана жіберіледі. Бұл – Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей елдері.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы 28 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, облыстық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті картопқа қатысты 10 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексерулер нәтижесінде сегіз кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде бір көтерме жеткізуші, сауда үстемесін асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Тексерулер барысында картоптың сауда үстемесі әртүрлі сауда орындарында 16,2%-дан 20%-ға дейін болғаны анықталды, бұл – заңмен белгіленген 15%-дан жоғары. Мысалы, жеке кәсіпкер картопты 330 теңгеден сатып алып, 390 теңгеден сатқан, яғни сауда үстемесі 18,2%-ды құрады.