Баянауылда адасқан үш турист құтқарылды
Олар геолокация арқылы табылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 шілдеде Қарағанды облысының үш тұрғыны Жасыбай көлінде демалуға келген.Таңертең тауға шығып, түсе алмаған. Жолды іздеу төрт сағатқа созылған. Туристер құтқару қызметіне қоңырау шалған.
– Сағат 10.00-де үш демалушы Баянауыл тау шатқалында адасып кеткен. Құтқарушылар геолокация бойынша демалушыларды тауып, оларды биіктіктен төменге түсірді, – деді департаментте.
Туристерге медициналық көмек қажет болмады. Құтқару операциясына ТЖД жедел құтқару жасағының төрт құтқарушысы қатысты.