Павлодар облысында алкогольді заңсыз сатқан саудагер жазаланды
Оның бұл өнімді сатуға лицензиясы жоқ болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция депаратментінің мәлімдеуінше, 18 шілдеде сағат 08:25-те Екібастұз қаласының Солнечный кентінде рейд барысында учаскелік полиция инспекторлары дүңгіршектердің бірінде алкоголь өнімін заңсыз сату фактісін анықтады. Полицейлер кәсіпкердің құрамында алкоголь бар өнімдерді сатуға лицензиясы жоқ екенін анықтады.
– Алкоголь өнімі тәркіленді. Аталған факт бойынша 40 жастағы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, сотқа жолданды, – деп хабарлады Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Омаров.
Өңірімізде жыл басынан бері заңыз ішімдік сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша 35 жеке кәсіпкер жауапқа тартылды.