Павлодарда жол апаты салдарынан трамвай қозғалысы тоқтады
Он шақты вагон кестедегі уақыттан қалып қойған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы трамвай басқармасының мәліметінше, 21 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Н. Назарбаев даңғылы мен Естай көшелерінің қиылысындағы трамвай жолақтарында екі көлік соқтығысқан.
– Жол-көлік оқиғасы тоғыз вагонның қозғалысына тосқауыл қойып, 15 минут тоқтап тұрды, – дейді басқармада.
Айта кетейік, қоғамдық көліктің тоқтап тұрған уақыты үшін жол-көлік оқиғасына себепкер болған жүргізуші төлейтін болады.