Павлодарлық паралимпиадалық спортшылар үздіктер қатарына енді
Олар бес спорт түрі бойынша бірінші орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша мүгедектер арасында ХХV облыстық спартакиада Баянауыл кентінде ұйымдастырылған.
Жарыс қорытындысы бойынша павлодарлық спортшылар үздік атанып, бірінші орынға ие болды.
Спартакиада қорытындысы бойынша жергілікті спортшылар үстел теннисінен, оқ атудан, жеңіл атлетикадан, шахматтан, тоғызқұмалақтан бірінші орын алса, дойбы мен волейболдан үшінші орынға табан тіреді.