Баянауылда теолог-мамандар оқушылармен кездесті

Баянауылда теолог-мамандар оқушылармен кездесті

Аталмыш іс-шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы Конфессияаралық қарым- қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандарының қатысуымен «Дәстүрлі» және «дәстүрлі емес» дін ұғымы және олардың айырмашылығы тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шара қазіргі уақыттағы діни ахуалды түсіндіруге бағытталған.

Семинарға теолог-мамандар қатысты. 

Сондай-ақ, мансап орталығында қызметкерлер мен келушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.