Бүгін Павлодардағы жағалаудың тағам сататын аймағы ашылады

Бүгін Павлодардағы жағалаудың тағам сататын аймағы ашылады

Павильондар бүгіннен бастап жұмысын бастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәлімдеуінше, орталық жағалауда «Food Zone» алаңын ашуға дайындық қызу жүріп жатыр.

- 9 мамырда сағат 12:00-де «Izmir», «BURЖУЙ», «Крендель», «Пекарня №5» павильондары есігін айқара ашып, келушілерді күтеді, - делінген хабарламада.

Павильондар жағажай мен Ertis Promenade сахнасының жанында төменгі қабатта орналасқан. Оларда фастфуд кафелері мен кофеханалар болады. Дүкендер болмайды. Павильондар бес жылға сатып алу құқығынсыз басқаруға беріледі.

Бөлім мамандары бағаны қымбаттатпауын қадағалайтын болады. Ішінде темекі мен алкоголь сатылмайды.

Жұмыс күндері аталған алаң таңғы 9.00-ден 22.00-ге дейін, ал жұма және демалыс күндері сағат 9.00-ден түн ортасына дейін жұмыс істейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ГУ "ОПиСХ города Павлодар" (@otdel_predpr_selhoz)