"Челси" стадионда ауызашар жасады

"Челси" стадионда ауызашар жасады
Фото: Anadolu Agency

"Челси" футбол клубы өткен түнде "Стэмфорд Бридж" стадионында ауызашар берді. Мұндай оқиға Англия премьер-лигасы стадионында алғаш рет болып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ауызашар Ramadan Tent Project жобасымен біріге жасалыпты.  

Британ империясы орденінің төрағасы, "Челси" қорының басшысы лорд Даниэль Финкельштейн іс-шара туралы пікір білдірді.

- Біз қоғамның түрлі табынан құралған үлкен қоғамдастықпыз, сондықтан әрбір жанкүйердің қуанышын сыйлаймыз және құрметтейміз. Бұл ерекше оқиға - премьер лига клубтары арасында ашық ифтарды бірінші жасадық және осыны мақтан тұтатамыз, - деді ол.