Дүйсенбіде Павлодардағы төрт үйде су болмайды

Дүйсенбіде Павлодардағы төрт үйде су болмайды
Фото: rexels.com

Мұнда су құбырына қайта кесу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы "Павлодар-водоканал" ЖШС мәлімдеді.

- 28 тамызда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Назарбаев даңғылы, 2, 4, 6, 6/1-де су өшіріледі. Оған себеп жаңадан салынған су құбырын қайта кесу, - делінген хабарламада. 

Серіктестік көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындарына алдын ала су алып алуды ескертеді.