Павлодарлық қолөнершілер Гиннес кітабына енген құрақ көрпелерді тігуге атсалысты
Көлемі он мың шаршы метрден асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кілемді жасауға 30 павлодарлық қолөнерші қатысты.
Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, сурет пәнінің мұғалімі Марина Мұхтарова басқа шеберлермен бірге 11 200 шаршы метрді құрайтын бұйыммен жұмыс істеді. Кілемнің ені – 40 метр, ұзындығы – 252 метр. Барлығы 450 көрпе қолданылды, біреуінің өлшемі 2,5 метр 90 сантиметрді құрады.
Қолөнер туындысы этноауылдағы алаңда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұсынылды.
Көрпелерді тігу үшін «Гауһартас», «Аламан», «Сынық мүйіз» әдістері, сондай-ақ өсімдіктер мен төртқұлақ қошқар мүйізі оюлары қолданылды.
– Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450 қолөнерші бір-бірін көрмей, білмей-ақ бір үлкен кілемнің бірдей элементтерін тігіп, Астанаға әкелді. Барлық элементтерді бір жерге қалай біріктіретінін көрсетті. Біз бүкіл әлемге өнерімізді ғана емес, бірлігімізді де паш еттік, – деді Марина Мұхтарова.
Оның айтуынша, қолөнершілер «Көшпенділер ғаламы» этноауылындағы алаңдағы кілемнің тұсаукесерінде бір-бірін көріп, танысты.
Айта кетерлігі, былтыр жарты шақырымдық көрпе тіккен 20 павлодарлық қолөнерші Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енген. Биылдың өзінде 30 қолөнерші сол стильде көрпелерден кілем жасап, рекорд жаңартты. Бұл кілем Гиннестің рекордтар кітабына еніп қана қойған жоқ, қолөнершілер КИнЭС сертификатына ие болды.