Соққыға жыққан: Павлодарда ер мен әйел сотталды
Істі Павлодар қаласының № 2 сотында екі бап бойынша қарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Іс материалы бойынша, былтыр маусымның басында әйел мен ер адам танысының үйіне ішімдік ішуге барған, алайда олар подъездің ішіне кіре алмаған. Кейін түнгі уақытта таныстарының үйінде шу шығару фактісі бойынша полиция келіп, үй иесін алып кеткен. Қонаққа келген екі досы аулада тұруға мәжбүр болған. 24 жастағы әйел дәрет сындырғысы келіп, бұталар арасына барады. Сол кезде ол үйіне қайтып бара жатқан тұрғынды байқайды да досымен бірге жоспар құрып, ер адамға жақындап, ақша үшін интимдік ұсыныс жасаған.
– Қала тұрғыны бас тартқан кезде, әйел айқайлап танысын шақыра бастаған Қашып бара жатқан кезде оны ұстап алып, ұрып-соға бастайды. Жалпы 40-50 рет соққы жасалған. Ол өзін қорғау мақсатында бұзақының бір жерінен ұстап алып, соққыны тоқтатуды талап еткен. Ұрған ер адам соққыны тоқтатып, жердегі түсіп қалған 20 мың теңге тұратын кепкаға назарын аударып, оны өзіне қалдырған. Бұл мезетте жәбірленуші екеуінен қашып, полиция қызметкерлеріне тап болған. Барлық жағдайды айтып болған соң оны ауруханаға жеткізген, – деп жазылған сот үкімінде.
Медициналық сараптама ер адамның сол жақтағы 10-шы қабырғасының жабық сынуы, бастың, беттің, мойынның, кеуде қуысының, жоғарғы және төменгі аяқтардың көгеруін растады.
Сот 24 жастағы әйел адамды ҚР ҚК-нің 107-бабы, 4,5- бөлігі бойынша (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) екі жылға бас бостандығынан айырды.
25 жастағы ер адам екі бап – ҚР ҚК-ның 107 және 191-баптары бойынша кінәлі деп танылды. ҚР ҚК-ның 191-бабының 1-бөлігі бойынша (Тонау) екі жыл және алты айға соттады. Бұдан бөлек, материалдық зиян сома 20 мың теңге өндірілуі тиіс.
Сотталушыларға қатысты пробациялық қорғау тағайындалды, яғни олар тұрғылықты мекенжайын, оқу жерін ауыстыра алмайды.
Сотталғандар апеляцияға берді. Апелляциялық сотта іс әлі қаралған жоқ.
Үкім заңды күшіне енбеді.