Павлодарда тұрақтағы автокөлік жанды

Павлодарда тұрақтағы автокөлік жанды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 26 наурызында сағат 16:19-да  «101» пультіне Орталық жағалау ауданында автотұрақта автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Төтеншеліктер оқиға орнына келген кезде «Kia Rio» көлігінің үш шаршы метр аумағында мотор бөлігі жанған.  

Тілсіз жау сағат 16.42-де сөндірілді. Өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған.