Екібастұзда сүйіктісімен демалған тұрғын пәтерден шығарылды
Ерғанат Көшербаев көшесінен әйел адам қоңырау шалып, көршілерінің музыканы қатты қойғанына шағымданған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 02.45-те көрсетілген мекенжайға келген полиция пәтер иесінің сүйіктісімен демалғанын және уақытты мүлдем ұмытып кеткенін анықтады. Әкімшілік хаттама толтырылғаннан кейін жалға алушы мен қонақ пәтерден шығарылды.
– Сол түні Энергетиктер көшесіндегі көпқабатты үйден осындай қоңырау түскен. Қоңырау шалған әйел кеш болғанына қарамастан, көрші пәтерде қонақтар көп екенін, олар баспалдаққа шығып, өте қатты сөйлесетінін айтты. Тәртіп сақшылары келіп, құқық бұзушыларды жауапқа тартты, содан кейін қонақтар жөндеріне кетті, – дейді департаментте.
Сондай-ақ @up.ekibastuz директіне ойын-сауық орындарының тыныштықты бұзғаны және тыйым салынған уақытта жарнамалық роликтерді хабарлағаны туралы хабарламалар түскен. Әрбір факті бойынша учаскелік инспекторлар тексерулер жүргізіп, бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олармен мұндай бұзушылықтардың алдын алу және көршілерге құрметпен қарау туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергеновтің айтуынша, биыл Екібастұз аумағында тыныштықты бұзғаны үшін 1129 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Естеріңізге сала кетейік, тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 5 АЕК, ал заңды тұлғалар 100 АЕК салынады. Тыныштық режимін сақтау: жұмыс күндері – сағат 22.00-ден 9.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері – 23.00-ден 10.00-ге дейін.