Павлодарда ойынқұмарлықтан арылту орталығы ашылды

Павлодарда ойынқұмарлықтан арылту орталығы ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түрлі ойындарға ақша тігетін адамдарға онлайн және офлайн кеңес беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«New vision team» қоғамдық қорының мәліметінше, құмар ойындарға тәуелділіктен зардап шегетін жастарға психологиялық қолдау көрсету фронт-офисі жұмысын бастады. Орталық Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189, 412 кеңсесінде орналасады. 

– Біз сіздерге осы мәселені жеңуге және өміріңізді қайта қолға алуға  көмектесу үшін онлайн және офлайн кеңестер өткіземіз,– делінген хабарламада.

Сұрақтар бойынша +7 705 190 2110 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуға болады. Орталық дүйсенбі – жұма күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.