Екінші Павлодардағы жолдың жөнделуі қашан аяқталады?
Жібек жолындағы жолдың орташа жөндеуі бір апта бұрын басталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биыл облыс орталығының негізгі тоғыз көшелердің жолы жөнделеді. Олардың жалпы ұзындығы 22,3 шақырымды құрайды. Екінші Павлодарда 22,9 шақырым жолға қиыршық тас төселеді деп жоспарланған. Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы Арсен Жұмабеков үлкен айналма жолы көшесінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып берді.
– Жібек жолы көшесінде ресайклинг әдісімен жолды ретке келтіріп жатырмыз. Алдағы күндері Малайсары батыр көшесінен Ломов көшесіне дейін учаскесінде асфальт құйылады, – деді Арсен Жұмабеков. – Жөнделіп жатқан жолдың қашықтығы алты километрге жуық. Бұған 520 миллион қаражат көзделген.
Ал Омбы жолындағы Ледовский көшесінен Солтүстік өнеркәсіптік аймақ көшесіндегі учаскені асфальттауға дайындық жұмыстары өтіп жатыр. Ол жерде 416 миллион теңгеге 3,7 шақырым жолды жөндемек.
– Тамыз айына дейін Жібек жолын аяқтаймыз. Ал барлық жоспарланған тоғыз көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары қазан айына дейін бітіреміз,– дейді спикер.
Айта кету керек,8 тамызға дейін Малайсары батыр көшесінен Ломов көшесіне дейінгі аралықта жолдар жабық болады. Осыған байланысты көлік айдаушылар үшін Малайсары батыр, Кіші айналма жолы, Циолковский, Ворушин, Ломов көшелері арқылы айналма жол ұйымдастырылған.