Павлодарда ПМХЗ мен өндірістік аймаққа апаратын жолды асфальттау басталды

Павлодарда ПМХЗ мен өндірістік аймаққа апаратын жолды асфальттау басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жолдың жалпы ұзындығы сегіз шақырымнан асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.

Шаһар басшысының айтуынша, биыл облыс әкімінің қолдауымен қаладағы жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылған.

— Биыл облыс әкімінің қолдауымен қаладағы 23 магистральды көшеге асфальт төсеу бойынша үлкен көлемде жұмыс жүргіздік. Барлық жұмысты белгіленген мерзімнен бұрын аяқтадық, — деді Хасар Хабылбеков.

Қазір ПНХЗ мен қаланың өндірістік аймағына қарай бағытталған автомобиль жолында асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жолдың жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайды.

Жөндеу жұмыстары 3  қазан күні басталған. Қала әкімі жолды асфальттауды 10 қазанға дейін толық аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті.

Айта кетелік, жоба жүзеге асқаннан кейін ПМХЗ мен өндірістік аймаққа қатынайтын көлік қозғалысы үшін жолдың жағдайы жақсарады.