Павлодарда балабақшалардың аумағындағы асфальт жабынды ауыстырылады

Павлодарда балабақшалардың аумағындағы асфальт жабынды ауыстырылады

Барлығы 30 балабақшаны асфальттау жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Облыс орталығында мектепке дейінгі білім беру объектілерінің аумақтарында асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстары басталды. Барлығы 30 балабақшаны асфальттау жоспарлануда. Олардың көпшілігінде кеңес заманынан бері асфальт ауыспаған. Жұмыс қазірдің өзінде 4, 8, 12, 22 және 104 бақшаларда басталды. Ең алдымен, біз үшіг балалардың қауіпсіздігі маңызды,  , - деді қала басшысы. 

Ержан Иманзайыпов жиек тастарын асфальтпен бір деңгейде төсеуді және жұмыс кезінде техниканы мүмкіндігінше қатаң қадағалауды тапсырды. Мердігер өз жұмысын уақытылы және сапалы тапсыруы қажет.

Аталмыш жұмысты бақылауды өзінің бірінші орынбасарым Арслан Қалияқбаровқа жүктеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov