Павлодарда көппәтерлі тұрғын үй бұзушылықтармен салынуда
Нысан бірқатар нормативтік пен сантиралық ережелердің талаптарына сәйкес келмегені анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Еріктілер жүргізген мониторинг барысында Сәтбаев көшесі, 79 мекенжайы бойынша салынып жатқан тұрғын үй объектінің құрылыс тығыздығының коэффициенті рұқсат етілген нормалардан асып түсетіні анықталды. Сондай-ақ жобада объектіні көгалдандыру алаңы туралы мәліметтер болған жоқ. Қағидаларға сәйкес көгалдандыру алаңы кемінде 25% болуы тиіс.
– Объектінің қала шегінде орталық орналасуына, сондай-ақ осы жерде көпжылдық жасыл желектердің болуына байланысты тротуарды белсенді пайдалану есепке алынбады,– облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметінде. – Бұл үй бойынша эскиздік жоба мемлекеттік нормативтер мен санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес келмейді.
Құрылыс салушылар жобада қолданыстағы тротуардың орнына сегіз көлік құралына арналған автотұрақ орнатқысы келген. Алайда бұл жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіреді, ал онда көлік құралдары болған кезде тұрғызылған автотұрақ бойынша жаяу жүргіншілердің қозғалысы мүмкін болмайды.
Мониторинг қорытындысы бойынша еріктілер облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хат жолдады.